Қазақстанда әуе билетінің орташа құны қандай

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
әуе билетінің құны / фото: gemini AI

2026 жылдың алғашқы 4 айында Қазақстанның әуе көлігі саласы жоғары белсенділік көрсетіп, тасымалданған жолаушылар саны 4,5 млн-нан асты. Осы кезеңдегі қызмет көрсетуден түскен жалпы табыс көлемі 272,4 млрд теңгені құрады.

Әуе көлігі көрсеткіштері (2026 ж. қаңтар-мамыр)

Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нарықтың басым бөлігі дәстүрлі түрде үш ірі мегаполиске тиесілі болып отыр. Статистика бюросының мәліметінше ең көп жолаушыны Алматы қаласы (1,79 млн адам) тасымалдаған.

Одан кейінгі орындарда Астана (1,25 млн адам) және Шымкент (463,6 мың адам) жайғасқан. Тиісінше, қаржы табысы бойынша да осы өңірлер көш бастап тұр.

Мәселен, тек Алматы қаласының өзі әуе тасымалынан 128,2 млрд теңге табыс тапса, елорданың үлесі – 68,6 млрд теңге.

Аймақтар арасында Маңғыстау (198,4 мың жолаушы) мен Атырау (184,9 мың жолаушы) облыстары жоғары көрсеткішке ие.

Республика бойынша бір билеттің орташа құны – 59 912 теңге деңгейінде қалыптасты. Дегенмен, өңірлер бөлінісінде баға айырмашылығы айтарлықтай.

Ең қымбат билеттер Алматы қаласында (орташа есеппен 71 317 теңге), Шымкентте (64 441 теңге) және Батыс Қазақстан облысында (63 895 теңге) тіркелді.

Ал ең арзан әуе сапарын Абай облысының тұрғындары жасаған. Бұл аймақтағы орташа баға небәрі 21 392 теңгені құрады.

Сондай-ақ Түркістан (24 809 теңге) мен Қарағанды (28 001 теңге) облыстарында да билет бағасы республикалық орташа көрсеткіштен айтарлықтай төмен.

Жалпы алғанда, бірінші тоқсанның қорытындысы ішкі және сыртқы бағыттардағы сұраныстың тұрақты екенін, сондай-ақ батыс өңірлер мен ірі мегаполистердің авиациялық хаб ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Еске сала кетейік, авиаотын тапшылығы салдарынан алпауыт әуе компаниялары мыңдаған рейсті қысқартты.

Сондай-ақ оқыңыз