Түркия «Орталық Азия» атауын «Түркістан» деп қолдана бастады
Жарияланды

Түркия мектеп оқулықтарында «Орталық Азия» атауын «Түркістан» деп өзгерте бастады. Бұл туралы елдің білім министрі Юсуф Текин айтты.
Юсуф Текин өзгерістер Түркияның жаңа білім беру моделі аясында енгізілгенін атап өтті.
Бұл туралы 2024 жылдан бастап айтылды. Ол кезде түрік сарапшылары бұл шешім болашақ ұрпақтың отаншылдығы мен ұлттық сана-сезімін күшейтетінін айтты.
Сол кезде түркиялық доцент Рамин Садык Түркия да, Түркістан да түркілер көп тұратын аймақ дегенді білдіреді деп мәлімдеген.
Одан бөлек Түркия Эге теңізінің (Ege Denizi) атауын Аралдар теңізі (Adalar Denizi) деп атауды ұйғарған.