Депутат Бақытжан Базарбек айлығы жетпей, әйелінен жұмыс істеуді өтінген

Бақытжан Базарбек депутаттық айлығы отбасының шығындарын жабуға жетпей, әйелінен жұмыс істеуді сұрағанын айтты.
«Депутаттардың жалақысы өсе ме?» деген сауалға осылай жауап берді.
«Бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Бұл мәселені мен шешпеймін. Кез келген шешім қабылдануы мүмкін. Қазіргі экономикалық ахуал кезінде дұрыс шешім болады деп ойламаймын. Алдағы бес жылда бұл мәселе көтерілмейтін шығар», – деді депутат.
Бақытжан Базарбектің айтуынша, қазіргі жалақы ештеңеге жетпейді. Кейбір депутаттың бес-алты баласы бар.
«Бір отбасында бес-алты бала болса, 500-800 мың айлық кімге жетеді? Баланы балабақшаға, секцияларға беру үшін, киімдерін әперу үшін 300 мың теңге кетіп қалады. Азық-түлік бағасы көтеріліп жатқанын ескерсек, миллион теңге де жетпейді. Мен 900 мың теңгеден сәл асатын жалақы аламын. Бұл ақша маған жетпейді. Сондықтан жұбайымнан жұмыс істеуді сұрадым», – деді депутат.
Бақытжан Базарбек саяси партияға кіру туралы шешім қабылдады. Тәуелсіз үміткер ретінде парламентке өткен саясаткер 8 мамырда осындай мәлімдеме жасаған еді.