Астанада кептелісті азайтатын жаңа жол салынады
Жарияланды

Астанада қос деңгейлі жолдар (двухуровневая дорога) салынады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев айтты.
Сөзінше, жоба эскизі әзірленіп жатыр.
«Жерүсті және жерасты қиылысы болады деген нұсқа қарастырылып жатыр. Бұл туралы да нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Дей тұрғанмен қалаға мұндай жол қажет екенін көріп отырмыз», – деді Өтебаев.
Әкім орынбасары мұндай жолды Қабанбай батыр даңғылы бойына салу жоспарланғанын айтты. Алайда жобаға қанша қаржы жұмсалатыны әлі белгісіз.
Айта кетейік, 2026 жылдың 16-17 мамырында Астанада LRT іске қосылады. Жеңіл рельсті көлік таңғы 06:00-ден бастап, түнгі 23:00-ге дейін қатынайды.