Қазақстанда 909 адам киберқылмысқа қатысы бар деп танылды

Қазақстанда киберқылмыс жасауға қатысы бар ұзын-саны 909 адам анықталды. Соның ішінде 12 шетел азаматы да бар.
Олардың 88-і қамауға алынса, 600 астам адамға ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды.
Polisia.kz ақпаратына қарағанда, 2026 жылғы 1 ақпан – 30 сәуір аралығында республика аумағында «Anti-froud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен. Нәтижесінде 827 киберқылмыс анықталды, оның 585 қылмыстық ісі бойынша тергеу аяқталды.
Бұл туралы ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай хабарлады. Оның айтуынша, алаяқтық жолмен ұрланған ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылған.
«Заңсыз айналымнан 17 мыңнан аса дана киберқылмысты жасау барысында пайдаланылатын әртүрлі заттар тәркіленді. Киберқылмысты жасағаны үшін іздеудегі 5 қылмыскер ұсталды», – деді Жандос Сүйінбай.
Киберполиция Қазақстанның оңтүстігі мен орталық, солтүстік өңірлерінен 25 мыңға жуық заңсыз sim-карталар тәркілеген еді. Алаяқтар шетелде отырып-ақ Қазақстан тұрғындарына кибершабуыл жасай алады.