Сәтпаев әкімі ауыр жүк көліктерінің қозғалысын заңсыз шектеген

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Сәтпаев әкімі ауыр жүк көліктерінің қозғалысын заңсыз шектеген / Фото: Shutterstock

Сәтпаев қаласы әкімінің ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектеу туралы заңсыз өкімі прокуратураның наразылығы бойынша жойылды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Ұлытау облысы Сәтпаев қаласының прокуратурасы қала әкімінің өкіміне наразылық білдірді. Бұл өкіммен республикалық маңызы бар автожол учаскесінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілген болатын.

«Қала әкімінің өкімімен Сәтпаев қаласы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолда ауыр жүк көліктері үшін жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілген. Сонымен қатар, жолдың бұл учаскесі «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның сенімгерлік басқаруында екені анықталды, осыған байланысты жергілікті атқарушы органның шектеу шараларын қолдануға өкілеттігі болмаған», – деп хабарлады Бас прокуратурада.

Ведомство атап өткендей, құқыққа қайшы әрекеттердің салдарынан нормативтік акт Жезқазған – Петропавл республикалық маңызы бар автожолына жататын көшедегі қозғалысты шектеген.

Прокуратураның наразылығы бойынша әкімнің заңсыз өкімі жойылды.

Сондай-ақ оқыңыз