Астананың сол жағалауында үй салып жатқандар прокуратура талабын елемеген

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдары құрылыс объектілеріне «жоспарлы инспекциялау» жүргізеді / фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Прокуратура заңсыз құрылыс жүргізіп жатқандарды анықтады/ фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада рұқсат алмастан салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешендері анықталды. Қала прокуратурасының хабарлауынша, Шыңғыс Айтматов көшесі, 24/8 учаскесінің маңында үй-жай мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы анықталды.

Тексеру барысында құрылыс-монтаж жұмыстарына оң сараптама берілмегені, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама жасалмағаны белгілі болған.

Одан бөлек Шыңғыс Айтматов көшесі мен Е164 көшесінің қиылысында үйлер, медициналық орталығы және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын анықтаған.

«Құрылыс жер учаскесіне тиісті құқықсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз, сондай-ақ сараптама қорытындысыз жүргізілген», – деп хабарлады прокуратура.

Содан кейін прокуратура жұмыстарды тоқтату туралы хабарлама жолдаған. Алайда құрылыс иелері заң талаптарын елемеген.

Прокуратура заңсыз құрылыс тоқтатылғанын хабарлады.

Айта кетейік, Қаржы мониторингі агенттігі аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша бірнеше құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Суюншалиге қатысты тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыз