Миллиардер Қайрат Итемгеновпен байланысты компания төрт жылда 5 визит-орталық салған

Миллиардер Қайрат Итемгеновпен байланысы бар Pana Asia компаниясы 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде 5 визит-орталық салған. Бұл туралы туристік саланы дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы есепте жазылған.
Олар: «Pana Ayusai» визит-орталығы мен қонақүй кешені, Алматы қаласындағы «Tary», Алматы облысындағы «Charyn Tary», «Altyn Emel Tary», «Kolsai Tary» визит-орталықтары және Ақмола облысындағы «Burabay Tary» визит-орталығы.
Қазір жобалау және іске асыру сатысында тұрған, 2027 жылға дейін аяқталатын 9 жоба бар.
2020 жылдан 2027 жылдар аралығында Алматы облысында SPA-орталығы бар «Pana Kolsai» қонақүй кешенінің құрылысы жүріп жатыр
2026 жылы Ақмола облысында SPA-орталығы бар «Pana Burabay» қонақүй кешені, Түркістан облысында «Сайрам-Өгем» визит-орталығы, «Pana», «Tary» қонақүй кешендері, Жамбыл облысында «Көксай» визит-орталығы, «Pana», «Tary» қонақүй кешендері, «Бозжыра» визит-орталығы, «Pana», «Tary» қонақүй кешендері және Үлкен Алматы көліндегі визит-орталық, «Pana», «Tary» қонақүй кешендері іске қосылады.
2027 жылы «Катонқарағай» визит-орталығы, «Pana», «Tary» қонақүй кешендері, «Отырар» визит-орталығы, «Pana», «Tary» қонақүй кешендері мен Отырар моншасы, сондай-ақ «Жидебай» визит-орталығы мен «Pana», «Tary» қонақүй кешенінің құрылысы аяқталады.
Pana Asia – мейрамхана-қонақүй саласындағы қазақстандық компания. Pana Asia, Sandyq Group мейрамханалар желісі, Tary кофеханалар желісі бірігіп Aqniet Group холдингі құрамына кіреді. Оның акционері Қайрат Итемгенов Forbes тізіміне енген, дәулеті 404 млн доллар деп бағаланады.