Түркістан диқандары қауынның алғашқы өнімін жинап жатыр

Мамырдың ортасында Түркістанда қауын пісті. Диқандар алғашқы өнімін жинап жатыр деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Бірінші қауынды Жетісай ауданындағы «Әл-Фараби» шаруа қожалығы жинап алған. Диқандар егіс алқабынан 65 тонна өнім жинап алған. Егіс алқабына суды тұрақты жіберіпгені үшін жергілікті «Қазсушар» филиалына алғыс білдірді. Жалпы алғанда
«20 гектар жерге қауын ектік. Су жеткілікті болды, ешқандай тапшылық көрген жоқпыз. Су үздіксіз берілді. Уақытылы суарудың арқасында мол әрі ерте өнім алып отырмыз. Атқарылған жұмыс үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне ризашылығымызды білдіреміз», – деді «Әл-Фараби» шаруа қожалығының төрағасы Әл-Фараби Анарбайұлы.
Жыл басынан бері Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы қажеттігі үшін 1 млрд текше метрден астам су берілген. Оның 293 млн текше метрі Жетісай ауданына тиесілі. Ауданда бақша дақылдарын суаруға 49 млн текше метр су жіберілді.