Абай облысында 75 балабақша қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Енді жеке деректердің жылыстағанын оңай тексеруге болады
фото: ашық дереккөзден

Абай облысында балабақшалардың бірінде 75 қызметкердің жеке дерегі тарап кеткен. Мұны Курчатов қаласының прокуратурасы анықтады.

Білім беру мекемесі қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексеруден өткізу бойынша конкурс жариялағанда қызметкерлерінің ЖСН-ін және өзге де құпия ақпаратты қамтитын тізімді де орналастырып жіберген.

Мекеме басшысы талаптарды сақтамағандықтан да азаматтардың дербес дерегі тарап кетіп отыр. Бұған жауапты басшылыққа 432 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

«Прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде көрсетілген бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК 79-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды», – деп жазылған құзырлы орган өкілдері таратқан хабарламада.

Бұған дейін Павлодарда мемлекеттік сатып алу сайтына 2 мың адамның жеке дерегін шығарып қойғанын жазған едік. Қазір тараған ақпарат ашық көздерден алынып тасталды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыз