Күйеуінің қылмысын хабарламаған әйел жазаланбайтын болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: pexels.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
Фото: pexels.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматы облысында психотропты заттар жасап сатқан күйеуінің қылмысын жасырған әйел жазадан құтылды. Кассациялық сот сотталған адамның зайыбына қатысты конституциялық кепілдіктерді қолданып, осындай шешім шығарды.

2023 жылғы мамырдан 2024 жылғы қаңтарға дейін ер адам өзгелермен бірге психотропты затты заңсыз өндірген. Бірақ 2024 жылғы 8 қаңтарда ұсталып, тінту барысында есірткі заттары, компоненттер мен жабдықтар тәркіленген. Бұл өндірістің аса ірі мөлшерде болғанын растаған.

Сотталғанның зайыбы күйеуінің заңсыз әрекеті туралы білгенімен,  бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарламаған. Сот оны қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп таныған. Алайда қылмыстық жауаптылықтан босату оңалту құқығын бермейтін негіздер бойынша жүзеге асырылған еді.

Әйелге қатысты кассациялық сатыдағы сот актілерінің күшін жойды. Кассациялық сот ҚР ҚК-нің 434-бабының ережелерін  «өзіне, жұбайына және жақын туыстарына қарсы куәлік бермеу» жөніндегі конституциялық құқықты ескермей қолдануға болмайтынын көрсетті.

Осыған байланысты әйелді қылмыстық жауаптылыққа тарту, тіпті кейіннен одан босату жағдайы да Конституцияға және құқықтың негізгі қағидаттарына қайшы деп танылды. Оған қатысты іс жүргізу оңалту негіздері бойынша тоқтатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Салтанат Нүкенованың қазасы бойынша қылмыстық істе шыққан үкімді қараған сот алқасы Бақытжан Байжановқа қатысты шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыз