Қазақстанда ішкі әуе рейстері ҚҚС-тан босатылуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанда тұрақты әуе рейстері үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) алып тастау ұсынылды. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктерге облысаралық бағыттарды өз бюджетінен субсидиялауға мүмкіндік беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, ішкі әуе қатынастары ел өңірлерінің байланысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

«2026 жылы әлеуметтік маңызы бар 24 бағытты қолдауға 6,4 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар туристік бағыттарды дамыту өңірлік рейстердің дамуына қосымша серпін береді», – деді Сауранбаев.

Оның айтуынша, ішкі әуе тасымалын одан әрі дамыту үшін заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылып отыр.

Жоспар бойынша:

  • жергілікті атқарушы органдарға облысаралық әуе рейстерін өз қаражаты есебінен субсидиялауға рұқсат беру;
  • тұрақты әуе рейстері үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) алып тастау қарастырылып отыр.

Айта кетейік, министр Қазақстан авиациялық қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемдегі үздік 20 мемлекеттің қатарына кіргенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз