Алатау қаласында алғашқы аэротаксилер сынақтар өтті (фоторепортаж)

Бүгін Алатау қаласында Қазақстандағы алғашқы аэротаксилер сынақтан өтті. Kursiv Media тілшісі eVTOL (electric Vertical Take-Off and Landing aircraft) негізіндегі аэротаксидің ұшуын тамашалап қайтты.
Қытайлық AutoFlight компаниясының жолаушыларға арналған eVTOL аппараты (аэротакси – ред.түсіндірмесі) алты орынға шақталған. Оның бесеуі жолаушы, біреуі ұшқыш үшін есептелген. Аппарат сағатына 200 шақырым жылдамдыққа дейін ұша алады, бір ұшқанда 200 шақырым қашықтықты еңсереді.
Қауіпсіздік талабына байланысты сынақтан өткен аппараттар жолаушыларсыз ұшты. Шараға шақырылған қонақтар мен қатысушылар тек бақылау алаңынан тамашалады.

Қазақстандағы алғашқы аэротаксиді сынақтан өткізуге келгендер арасында миллиардер Вячеслав Ким, Алатау қаласының инвесторы Юрий Цхай да бар.


Тақырыпқа орай: Мүтәліп, Құсайынов және Цхай: ең бай бизнесмендер тізіміне жаңадан қосылғандар
Аэротакси жобасын жүзеге асыру үшін АҚШ, Бразилия, Еуропа және Қытайдағы eVTOL өндірушілері арасында халықаралық тендер өткізілген. Нәтижесінде Италия және Оңтүстік Кореядағы екі жеткізуші компания таңдалды.
Қазір Италиялық UrbanV операторы және Корея Әуежайлар корпорациясымен (KAC) бірлесіп, Алатау қаласының Golden ауданында Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильділігі орталығы әрі болашақ вертипорт болатын UAM Center Eurasia жобасын әзірлеп жатыр.
Аэротаксиді жүргізетін қызметкерлер дайындықтан өтіп, 3-ші санаттағы ұшқышсыз авиациялық жүйелер (БАС) операторларының сертификаттарын алды. Сонымен қатар ҰАЖ қолдану арқылы авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат (2-деңгей) берілді.


Аэротакси аппараттарын жасап шығарған AutoFlight – әуе мобильділігі бойынша кешенді шешімдер ұсынуға маманданған әлемдік жетекші технологиялық компания. Компания 2017 жылы Шанхай қаласында құрылған. Негізін қалаушы Тянь Юй мырза 2008 жылы Еуропадағы алғашқы сертификатталған бір орындық электрлі ұшақты, ал 2009 жылы екі орындық электрлі ұшақты жасап шығарды.
Қытай – eVTOL аппараттары коммерциялық рейстер орындайтын әлемдегі алғашқы және әзірге жалғыз ел. Гуанчжоу мен Хэфэй қалаларында әлемдегі алғашқы коммерциялық жолаушылар тасымалы ресми түрде іске қосылды. 2026 жылға қарай бұл саладағы нарық көлемі 1,5 трлн юаньға жетеді деген болжам бар.
Тақырыпқа орай: Маусымның соңына дейін аэротакси бойынша жаңа заң әзірленеді