Дронмен зат тасу: алғашқы тапсырысты миллиардер Вячеслав Ким берді (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Business News бөлімінің тілшісі
дрон көмігімен зат жеткізу қызметі
Бір жерден екінші жерге зат жеткізуші дрон / фото: AAAG

Алатау қаласында алғашқы аэротаксиді сынақтап өткізіп қана қоймай, дрон көмегімен тапсырыс беру әдісі де көрсетілді. Алғашқы тапсырысты миллиардер Вячеслав Ким берді.

Alatau advance air group (AAAG) компаниясының зат тасымалдаушы дрондарды таныстыру рәсімі де арнайы мәртебесі бар Алатау қаласында ұйымдастырылды. Бір дрон 2,5 кг зат көтере алады.

Әуе арқылы алғашқы тапсырыс беру міндеті кәсіпкер Вячеслав Кимге жүктелді. Ол – осы жобаның басты инвесторы.

Салтанатты жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысты. Өңір басшысы жаңа қызметтің қаншалықты маңызды екеніне тоқталды.

«Пошта қызметін жүргізу, басқа да заттарды дрон арқылы тасымалдау нарыққа енді кіріп жатыр. Енді оны адамдар да қала ішінде зат тасымалдауға пайдалана алады. Уақытты да, қаражатты да пайдаланады. Батареямен жүреді. Сондықтан дыбысы да қатты шықпайды», – деп түсіндірді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Дрон көмегімен зат тасу
Сөмкені іліп алып кететін дрон / фото: AAAG

Осының алдында ғана Алатау қаласында Қазақстандағы алғашқы аэротакси сынақтан өткен.

Alatau Advance Air Group – жаңа Алатау қаласында әуе байланысын дамытатын технологиялық компания. Ол шаһардың әуе көлігі инфрақұрылымын жобалап, әуе таксилері мен дрондарды басқару, сынақтан өткізу және оларды көлік жүйесіне біріктірумен айналысады.

Сондай-ақ оқыңыз