Марқакөл мен Катонқарағайда қар жауды
Жарияланды

19 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының кемінде екі ауданында – Марқакөл ауданы мен Катонқарағайда қар жауды.
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы әлеуметтік желіге жауып жатқан қардың бейнежазбасын жариялады.
«Алтайдың мінезі де, сұлулығы да ерекше – бір күнде төрт мезгілді сездіріп үлгереді», – деп жазылған видео мәтінінде.
Бұған дейін де қыс мезгілі Ұрыңқай ауылына және Марқакөл ауданындағы басқа да елді мекендерге бірнеше мәрте қайта оралған.
Өткен қыста әлемде де тосын оқиғалар көп болды. Бір тамшы жаңбыр тамбайтын Сахара шөлінде қар жауды. Сауд Арабиясының шөл даласына 30 жылда алғаш рет қар түскен.