Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға қол қойды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Токаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды«, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы – осы айдағы даулы құжаттардың бірі болды. Мәжіліс 2022 жылы қабылданған жобаға бірқатар өзгерістер енгізген. Депутаттар бұралқы иттердің адамға шабуылдауы, бұралқы иттер саны да өскенін айтып, қайтарымсыз аулау моделін ұсынды.

Басты өзгерістің бірі иесіз жануарлар ұсталғаннан кейін табиғи ортаға жіберілмей, арнайы орында ұсталады. Егер бес тәулік ішінде іздеушісі болмаса, онда эвтаназия жасалады. Енді елдегі ит-мысықтарды міндетті түрде чиптеу керек деген ұсыныс та айтылды.

Бірақ белсенділер, құқық қорғаушылар заң жобасы жануарларға гуманды көзқарастан әлдеқайда алыс екенін айтып, қарсы болған.

Сондай-ақ оқыңыз