Абай облысында ішімдіктен отызыншы ауыл бас тартты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Абай облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдарының саны отызға жетті. Соңғысы Бесқарағай ауданындағы Черемушка ауылы.

Polisia.kz. хабарлауынша, бұл – үлкен өзгерістің символы. Ауылда небәрі 25 аула, 60 тұрғын бар.

Ауылдың учаскелік полиция инспекторы Әсет Сағадиевтің айтуынша, алкогольден бас тарту – тек денсаулық мәселесі емес. Бұл – құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық жанжалдарды азайту, жастар арасында тәртіп мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолы.

Ауыл ақсақалы Сейітхан ата бастаманы «ұрпаққа қалатын өнеге» деп бағалады.

«Бұрын «ауылдың берекесі – бірлікте» деуші еді. Бүгін соның нақты көрінісін көріп отырмыз. Денсаулықты сақтаған елдің рухы да мықты болады», – деп, ақсақал ақ батасын берген.  

Айта кететін жайт, Ораза қарсаңында Павлодарда 20 ауыл ішімдік сатудан бас тартты.

Сондай-ақ оқыңыз