Елде көлік жөндеу мен техникалық қызмет көрсету құны қымбаттады

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Көлік жөндету мен техникалық қызмет көрсету бірден 17%-ға қымбаттады
Көлік жөндеу мен техникалық қызмет көрсету бағасы қымбаттады/ фото: kursiv.media

Қазақстандықтардың жеке көлікті күтіп-ұстауға жұмсайтын шығындары айтарлықтай өсті.

Energyprom.kz жазуынша, Қазақстанда автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер көлемі 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында 104,4 млрд теңгеге жетті.

Ал 2025 жылы 82,9 млрд теңгені, ал бес жыл бұрын 28,8 млрд теңгені құраған. Осылайша, соңғы бес жылда нарық іс жүзінде 3,5 есе артты.

Шығынның өсуімен бірге қызмет бағасы да қоса көтеріліп жатыр. Жеке көлік құралдарын пайдалану бағасы бір айда 1,8%-ға өсті. Салыстырмалы түрде, 2024 жылы ай сайынғы баға өсімі 0,1%–0,5% шегінде қалды, ал 2025 жылдың екінші жартысында қарқын шұғыл арта бастады.

2025 жылдың тамызында өсім алдыңғы айға қарағанда 2,2%-ды, қыркүйекте 2,9%-ды, ал қазанда 2,5%-ды құрады. Бір жыл ішінде жеке көлікті пайдалану 16,6%-ға қымбаттады.

Ал 2025 жылдың сәуірінде жылдық баға өсімі небәрі 3,4%-ды, ал 2024 жылы 4,2%-ды құраған еді. Осылайша, 2026 жылы қымбаттау қарқыны күрт жеделдеп, соңғы жылдардағы ең жоғары деңгейлердің біріне жетті.

Аймақтардағы жағдай

Жеке автокөліктерді пайдалану құны бәрінен бұрын Павлодар облысында қатты қымбаттады, онда өткен жылдың сәуіріне қарағанда баға өсімі 25,9%-ға жетті. Жоғары көрсеткіштер Астанада «(9,9%-ға), Қызылорда облысында (19,5%-ға), Алматыда (18,6%-ға) және Маңғыстау облысында (18%-ға) тіркелді.

Ең аз байқалған өсім Батыс Қазақстан (10,9%-ға), Ақтөбе (11,1%-ға) және Атырау (12,7%-ға) облыстарында байқалды.

Бағаның өсуі автокөлік иелері шығындарының барлық негізгі санаттарын қамтыды. Жанар-жағармай материалдары 2026 жылдың сәуірінде жылдық мәнде 15,8%-ға қымбаттады.

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бағасы 17,5%-ға өсті. Көлікті пайдалануға байланысты басқа да қызметтер санаты бірден 28,2%-ға қымбаттады. Бұған жүргізушілік деңгейін арттыру сабақтары, автотұрақтарды жалдау, мемлекеттік баждар, техосмотр (техникалық байқау) және басқа да ілеспе қызметтер кіреді.

Бұған дейі, елімізде сұлулық саласында көрсетілетін қызметтердің де қымбаттағанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз