Алатау қаласына 2 трлн-ға жуық инвестиция тартылады

Алатау қаласының әкімі Әркен Хамитұлы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Алатау қаласына қанша инвестиция тартылатынын, сонымен қатар қаланың инфрақұрылымына қанша ақша жұмсалатынын айтып берді.
Оның айтуынша, бүгінде Алатау қаласында 2 трлн теңгеге жуық 50 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
«Қазіргі таңда сол жобаларды жүзеге асырудамыз. Мемлекет бірінші инфрақұлымды дамытуға көңіл бөліп отыр. Ол үшін жол картасы қабылданған. Жол картасына сәйкес, инфрақұрылымыды дамытып жатырмыз.
Мемлекет шығындары қаланың дамуына сай болады. Шамамен, жол картасына 300 млрд доллар тартылады», – деп атап өтті әкім.
Бұған дейін, 2050 жылға дейін Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 10 трлн теңге қажет екенін жазған едік.
Сонымен қатар, 8 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңға қол қойған еді.