Қорғаныс министрлігі ел батысына құлаған дрондардың кімге тиесілі екенін айта алмады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Дрондардың қай елге тиесілі екені анықталып жатыр/Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Елдің батысына түскен дрондар қай елге тиесілі екені әлі анықталмады. Қорғаныс министрлігі бұған қатысты нақты жауап бере алмады.

Бүгін тілшілер осы тақырыппен қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевке сауал қойған еді. Бірақ ол «техникалық сараптама жүргізіліп, тексеру жалғасып жатқанын» айтып қысқа қайырды.

Еске салайық, 29 сәуірде Ақтөбе облысы аумағына дрон құлаған. Бұл біреу ғана емес, былтыр жаздан бері елдің батыс аумағына кемінде оншақты дрон түсті.

Осы тақырыпқа қатысты Kursiv Media құзырлы органдарға сауал жіберген еді. Редакцияға жіберген жауабында қорғаныс министрлігі ел аумағына дрондар құлауына қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Мәселені анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын да мәлімдеді. Бірақ ел аумағына алғашқы дрон құлағалы бір жыл өтсе де үкімет ол аппараттардың кімге тиесілі екенін айта алмай келеді.

Сондай-ақ оқыңыз