Астана дәмханаларында иттің еті сатылғаны рас па

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Астана дәмханаларында иттің еті сатылғаны рас па
Астана дәмханаларында иттің еті сатылған/ фото: ЖИ

Әлеуметтік желіде Астананың қоғамдық тамақтану орындарына ит еті көп мөлшерде жеткізіліп, сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады.

Тимур Балымбетовтың подкастында жануарлардың құқыған қорғаушылар оқиғаны растап отыр. Олардың айтуынша, осыдан екі жыл бұрын өткен сот процесінде Астанадағы бірқатар танымал мейрамхана мен ірі франшизалар заңсыз ет өнімдерін сатып алғаны анықталған.

«Әңгіме ит етінің айналымы туралы емес, тауарлық көлемі, яғни ит етін өндірістік деңгейде дайындау туралы болып отыр. Бұл дәстүрлі корей асханалары емес, қарапайым қоғамдық тамақтану орындары, соның ішінде Астанадағы мекемелерде болды. Бұл сотта дәлелденген», – дейді зооқорғаушы.

«750 келі таза ит еті тәркіленді«

Сұхбат барысында заңсыз әрекеттердің артында тиісті жануарларды ұстауға мүмкіндігі бар мекемелер тұрғаны тұспалдап айтылды.

Құқық қорғау органдары жүргізген тергеу барысында барлық қажетті дәлелдемелер, соның ішінде қоңырау жазбалары мен бақылау мақсатында сатып алу шаралары тіркелген.

«Бұл әңгімелердің аудиожазбалары дәлел ретінде бар. Яғни, құқық қорғау органдары тергеу барысында не істеу керек болса, соның бәрін жасаған, бұл материалдардың бәрі бар, бәрін көрсетуге болады. Бақылау мақсатында сатып алынған ет 100 келі болды, бұл сатушының өзі бекіткен ең төменгі партия еді. Оның үйін тінту кезінде 750 келі ет тәркіленді», – деді ол.

Ветеринариялық қызметтің мәлімдемесі қандай?

«Астана Ветсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәселеге қатысты алғашқы жарияланымдар 2023 жылғы оқиғалармен байланысты екенін айтты.

Сол кезде Ақмола облысында жануарлардан алынатын өнімдердің заңсыз айналымы анықталған еді. Ол уақытта полиция тергеу жүргізіп, сот кінәлілерді жазалаған.

Ветеринариялық қызметтің хабарлауынша, бүгінгі таңда Астанадағы мейрамханалар, дәмханалар мен асханаларда мұндай өнімдердің жеткізілуі, сатылуы немесе қолданылуы бойынша ресми түрде расталған бірде-бір дерек тіркелмеген.

«Елордада жануарлардан алынатын өнімдерге, соның ішінде ілеспе құжаттарды тексеруге, өнім берушілерді бақылауға, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздік талаптарының сақталуына тұрақты түрде ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізіледі», деп мәлімдеді ұйым.

Айта кетейік, 19 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға қол қойған еді.

Сондай-ақ оқыңыз