Тұрғын турист тарту үшін есегін зебра қылып бояп қойған

Алматы облысында қожайыны есектерін зебра тәріздес ақ-қара етіп бояп тастаған. Ол үшін шашқа жағатын бояуды пайдаланған көрінеді.
Түрген шатқалына барар бағытта жол бойында жайылып жүрген зебра есектерді полиция қызметкерлері көрген. Жануарлардың иесі демалыс аймағына туристерді шақыру мақсатында солай бояп қойдым деп түсіндіреді.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, жануарлардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір полиция қызметкерлері болған оқиғаға құқықтық баға беру және жануарларға қарау нормаларының сақталуын тексеру мақсатында тиісті іс-шараларды жүргізуде», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Осыған дейін Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кеткенін жазған едік. Алматыдан ұшып келген FlyArystan әуекомпаниясының лайнері қонғанда итті қағып кеткен.