Алматыда 22-24 мамыр аралығында дауылды ескерту жарияланды
Жарияланды

Алматы мен қала төңірегінде ауа райы күрт бұзылып, жауын-шашын мөлшері артады деп болжанып отыр. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) мен «Қазгидромет» РМК 22-24 мамыр аралығында қалада дауылды ескерту жариялады.
Таулы аймақтарда қауіп жоғары
Синоптиктердің болжамынша, аталған күндері Алматының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нөсер жауын жауады. Жаңбыр салдарынан тау өзендерінде су деңгейінің көтерілуі және кей жерлерде су тасқыны қауіпі бар.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райы тұрақталғанша таулы аймақтарға шықпауға ұсынады.
Еске сала кетейік, жақында Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы мен Катонқарағайда қар түскен еді.