Әл-Фараби даңғылындағы апатқа қатысты сот 28 мамырда басталады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Апаттан үш адам қайтыс болды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Алматыда Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы жәбірленушілердің бірінің адвокаты Олег Черно хабарлады.

Осылайша қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 28 мамыр 15:00-де өтеді.

Еске салайық, 21 наурыз түнгі сағат 03:30 шамасында Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жол апаты болды. Zeekr маркалы машинасы Mercedes көлігіне соғылып, үш адам да сол жерде тіл тартпай кетті. 

Сондай-ақ оқыңыз