Үндістан зумерлері «тарақандар партиясына» қосылып жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: Instagram
фото: Instagram

Үндістанда жастар әзілді саяси қозғалысқа айналдырып, цифрлық наразылық ұйымдастырды.

APnews ақпаратына қарағанда, елде пародиялық Cockroach Janta Party («Тарақандар халық партиясы») танымалдыққа ие болып жатыр. Бірнеше күннің ішінде бұл интернет-жоба жазылушылар саны бойынша премьер-министр Нарендра Моди басқаратын партияны басып озған.

Партияның пайда болуына Үндістан Жоғарғы сотының судьясы Сурья Кант жасаған мәлімдеме себеп болған. Сот отырыстарының бірінде ол жұмыссыз жастар мен белсенділерді «паразиттер» және «тарақандармен» салыстырып, олардың жұмыс таппай, әлеуметтік желіде отырып мемлекеттік институттарды сынайтынын айтқан.

Әзіл-сықаққа құрылған CJP манифесінде партияға кіру талаптары да көрсетілген. Үміткер жұмыссыз, жалқау, уақытын интернетте өткізетін, «өмірге кәсіби түрде шағымдана алуы» керек.

Наразылық енді интернеттен шығып, көшеге де тараған. Белсенділер митингілерге тарақан костюмдерін киіп келіп, жәндікті қиын жағдайда өмір сүре алатын төзімділіктің символы ретінде көрсетіп жүр.

Қазақстанда да кейбір депутаттар қоғамда үлкен резонанс тудырған, кейде қисынсыздау, тіпті даулы мәлімдемелер көтеріп есте қалған болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз