Ақтөбе музыкалық-драма театрының құрылысына 8 млрд теңге бөлінді

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Ақтөбе музыкалық-драма театрына 8 млрд теңше бөлінді
Ақтөбе музыкалық-драма театрына 8 млрд теңше бөлінді/ фото: gov.kz

Үкімет Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтанов атындағы драма театрына жаңа ғимарат салу үшін резервтен 8 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Бөлінген қаржының арқасында театр құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Театр қала мен аймақтың мәдени өмірі үшін өте маңызды, оның тарихы 80 жылдан асады.

Жаңа ғимарат Алтын орда шағын ауданында 700 орынға есептеліп салынып жатыр. Айналасында демалыс орталықтары, саябақ пен қала тұрғындарының демалуына арналған стадион салу көзделген.

Мәдени нысанның құрылысы қала мен облыс халқының екі есеге жуық өсуіне байланысты болып отыр. Жалпы, жоба театр қызметтерінің сапасын арттыруға, шығармашылық ұжымдардың жұмысы үшін заманауи жағдай қалыптастыруға және театр өнерін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Өткен жылы елімізде 61 мәдени нысан салынып, 250-ден астам мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, Алматыда орналасқан Жаңа ғасыр театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз