Тоқаев мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: Ақорда
фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.

Ақорданың хабарлауынша, Ерлан Қошанов президентке конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Палатаның атқарған қызметі туралы мәлімет берген.

Мәжіліс төрағасы парламент жаңа Ата заңның нормаларын іске асыруға жол ашатын жеті конституционалық заңды сапалы әрі уақтылы қабылдағанын айтты.

Соның ішінде «Президент туралы», «Құрылтай және ониң депутатының мәртебесі туралы», «Қазақстан Халық Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикисы астанасының мәртебесі туралы», «Алатау қаласының арнаулы» құқықтық режимі туралы» және басқа да конституциялық заңдар бар.

Аталған жұмыс қоғам өкілдерінің және сарапшылардың қатысуымен ашық жүргізілді. Жалпы, Мәжіліс сессиясы басталғаннан бері 89 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Қазір депутаттардың қарауында 80 заң жобасы жатыр. Оның қатарында жаңа Конституция қабылдауға байланысты рақымшылық жариялау, жол қозғалысындағы цифрландыру мен қауіпсіздік, жергілікті өзін-өзі басқару, телекоммуникация нарығын, машина жасау саласын дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру, нотариат және басқа да мәселелер туралы заң жобалары бар.

Мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы үздіктерді марапаттаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз