Алматыдағы кейбір көшелердің қозғалысы бір бағытты болып өзгереді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматының бірнеше көшесінде қозғалыс схемасы өзгеретін болды. Бұл туралы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы хабарлайды.

23 мамырдан бастап Алматыда Уәлиханов көшесінің Қабанбай батыр көшесінен Қазыбек би көшесіне дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта біржақты қозғалыс енгізіледі. Сондай-ақ Жуков көшесінде (оңтүстік бағытта) және Манаев көшесінде (солтүстік бағытта) Затаевич көшесінен Ахмедьяров көшесіне дейінгі аралықта біржақты қозғалыс ұйымдастырылады.

Әкімдік шешімі көлік жүктемесін азайтуға, көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға және жолдағы шиеленісті жағдайлар санын төмендетуге бағытталған.

«Өзгеріс қазіргі көлік жағдайын талдау және аудан тұрғындарының өтінішін ескере отырып қабылданды», – деп түсіндіреді баспасөз қызметі.

Әзірге біржақты қозғалыс пилоттық режимде енгізіледі. Қаншалықты ұзаққа созылатыны тиімділігіне қарай белгілі болады.

Тағы бір жаңалық, енді Достық даңғылында веложолдар пайда болып, скверлер көбейеді. Әкімдік жоспары бойынша,  Достық даңғылын Абай даңғылынан бастап Әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта жөндеу жұмысын жүргізілмекші.

Сондай-ақ оқыңыз