Ресейде қазақ әртісі 11 жасар баланы атып тастады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Мариин театрының әртісі Айтжан Смағұлов 11 жастағы балаға терезеден оқ атқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, оған баланың саксофон ойнағаны ұнамаған.

«База» ақпаратына қарағанда, Санкт-Петербургтің Декабристер көшесіндегі үйдің маңында ойнап тұрған музыка 38 жастағы әртістің ашуына тиген. Жүйкесі жұқарған ол пневматикалық тапаншамен баланы атқан.

Оқ баланың бетіне тиіп, иегіне қадалған. Зардап шеккен бала орташа ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға қатысы бар күдікті ұсталды. Ол Қазақстан тумасы – Айтжан Смағұлов болып шықты. Әртіс театрдың қосалқы труппасында өнер көрсеткен. Оған қатысты «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мәліметке сәйкес, Айтжан Смағұлов Мариин театры құрамында 2021 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеген.

Мұның алдында Ресейде тоғызыншы сынып оқушысы мектепке қару әкеліп, бірнеше баланы атты.

Сондай-ақ оқыңыз