Алматы прокуратурасы жарты жыл бұрынғы төбелеске қатысты ақпарат берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бас прокуратура 8 облыстың прокурорын ауыстырды
Оқиға 2025 жылдың желтоқсанында болған/ Фото: Shuttertsock

Алматы прокуратурасы Қонаев атындағы университет жатақханасында шыққан төбелеске қатысты ақпарат берді. Оқиға 2025 жылдың 17 желтоқсанында болған.

Қала прокуратурасының хабарлауынша, екі қыздың арасындағы келіспеушілік төбелеске ұласқан. Ол кезде төбелеске қатысқандардың бірі кәмелет жасына толмаған.

Екі қыз бір-бірін жарақаттаған. Содан кейін полиция істі қылмыстық кодекстің 108-1-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Нәтижесінде Абай облысы тұрғыны кінәлі деп танылып, қоғамдық жұмыстар түріндегі қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Ал Атырау облысы тұрғынына қатысты тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Азель Дархан есімді қыздың айтуынша, оған бір топ қыз жабылған. Ішінде Б. есімді қыз шашынан жұлып, күш көрсеткен. Есікті жауып, шығуына мүмкіндік бермеген. Алайда ол әлі жауапқа тартылмаған.

Қонаев университеті екі қыздың да ата-анасы құқық қорғау органдарында қызмет ететінін мәлімдеді.

Бұған дейін Алматының Алмалы ауданындағы жекеменшік футбол алаңдарының бірінде Үндістаннан келген студенттер арасында төбелес шықты.

Сондай-ақ оқыңыз