Биылғы төрт айда Астанаға 588 млрд теңге инвестиция тартылды

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Соңғы төрт айда Астанаға 588 млрд теңге инвестиция тартылды
Соңғы төрт айда Астанаға 588 млрд теңге инвестиция тартылды/ фото: Ақорда

2026 жылдың алғашқы төрт айында Астананың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 588 миллиард теңгені құрап, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайызға жоғары болды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Инвестиция өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, көлік, сауда, логистика салаларына қатысты жобаларға салынған.

«Соңғы жылдары Астанада 44 мектеп салынған. Ал жаңа оқу жылында 12 білім ошағы ашылады. Сонымен қатар 2 оқушылар сарайын және 6 балабақшаны ел игілігіне беру жоспарланып отыр. 2028 жылға дейін 2 перинатальды орталық, көпбейінді аурухана және диагностикалық кешеннің құрылысы аяқталмақ», – деді қала әкімі Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінде.

Әкімнің айтуынша, 2026 жылы 173 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, 1,1 миллион түп жасыл желек егу көзделген.

Кездесу соңында Президент Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалап, елорданы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін, 2026 жылдың алғашқы үш айында Астанаға 18 мыңнан астам адам көшіп келгенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз