Құрбан айт мейрамында ХҚКО-лар жұмысын тоқтатады

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Құрбан айт мейрамында ХҚКО-лар жұмысын тоқтатады
Құрбан айт мейрамында ХҚКО-лар жұмысын тоқтатады/ фото: kursiv.media

Құрбан айт мерекесіне байланысты 27 мамырда еліміздегі барлық ХҚКО мен Мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында белгілі болды.

Мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі түсіндіргендей, 27 мамырда Құрбан айт мейрамының тойлануына орай барлық орталықтар, соның ішінде кезекші бөлімдер де жабық болады.

«Айта кетейік, мереке күндеріне сәйкес келмейтін басқа күндері барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, соның ішінде кезекші бөлімдер де бекітілген кесте бойынша әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады», – деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 27 мамырда Қазақстан халқы Құрбан айттың алғашқы күнін атап өтіп, сәйкесінше бір күн демалады.

Сондай-ақ оқыңыз