Павлодар облысында ұшақ апатқа ұшырады
Жарияланды

Павлодар облысы Железинка ауылы маңында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мәліметінше, апат 27 мамыр күні болған. Ұшақ авиациялық-химиялық жұмыстарды орындап жүрген.
Алдын ала дерек бойынша, Ан-2 электр желілеріне тиіп кеткен. Бортта екі экипаж мүшесі болған.
Оқиға салдарынан бір ұшқыш көз жұмды. Екінші ұшқышты Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері шығарып алып, ауруханаға жеткізген. Оның есін білетіні хабарланды.
Ал Ресейде Ан-26 ұшағы 1-сәуірде апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапқан еді.