Жетісу облысы аумағында мыңнан астам алаяқтық сайт бұғатталды

Жыл басынан бері Жетісу облысында интернет-алаяқтықтың 171 дерегі тіркеліп, мыңнан аса сайт бұғатталған.
Polisia.kz ақпаратына қарағанда, полиция қызметкерлері 104 қылмыстық істі аяқтап, оның 94-ін сотқа жолдаған. Сондай-ақ 37 эпизодтан тұратын көпэпизодты қылмыстық іс те сотқа жіберілген.
2025 жылдан бастап киберқылмыстың алдын алу аясында Жетісу облысының прокуратурасы, полиция департаменті, Қазақтелеком, Қайнар-Медиа және Mobile Telecom-Service арасында үш меморандумға қол қойылған.
Жобаның негізгі мақсаты – интернет-қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру.
Интернет кеңістігін бақылау барысында мыңға жуық алаяқтық сайт анықталып, бұғатталған. Сонымен қатар жыл басынан бері киберполиция 10 адамнан құралған екі дропперлер тобын ұстаған. Сегіз қылмыстық іс сотқа жолданды.
Киберполиция өкілдері интернет-алаяқтардың тәсілдері үнемі өзгеріп отыратынын айтып, азаматтарды жеке мәліметтері мен банк деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.
сондай-ақ Жетісу облысында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Жетісу облысы полициясы қаза болған баланың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.