Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруханадағы суреті фейк болып шықты

Жарияланды
Назарбаев
Фото: x.com/Aidos_Ukibay

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аурухана төсегінде жатқан суреті тарады.

Алайда қолданушылар мен фактчекерлер оның шынайылығына күмән келтірді.

Instagram-да жарияланған суретте Назарбаев аурухана кереуетінде, қасында дәрігер тұрғаны көрінеді. Кадрда 2026 жылғы 23 мамыр деген белгі де болған.

Желі қолданушылары пікірде екіге бөлінді. Бірі суретті жалған десе, енді бірі экс-президентке сын айтты. Ал тағы бір бөлігі сауығып кетуін тілеген.

Кейін суреттің жасанды интеллект көмегімен жасалғаны анықталды. Кадрдың төменгі бұрышында Gemini логотипі байқалған. Сонымен қатар суретте мәтіндердің бұрмалануы мен жасанды генерацияға тән қателер көрінген.

Кейін Factcheck.kz журналистері де суреттің жалған екенін растады.

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы рет 15 наурыз күні жаңа Конституция жобасы бойынша өткен референдум кезінде көпшілік алдына шыққан.

Айта кететін жайт, Назарбаевтың екінші әйелі Астанадағы сән көрсетіліміне қатысқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз