Атырау облысында 28 мамыр күні дабыл қағылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: KursivMedia мұрағаты
фото: KursivMedia мұрағаты

Атырау облысында 28 мамыр күні сағат 11:00-де дабыл іске қосылады. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ақ жайық мәліметінше, сиренаны қосу республикалық «ӨРТ-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында жоспарланған.

«Баршаның назарына!» сигналы берілген кезде облыс тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырды.

Департамент сиреналардың қосылуы жоспарлы түрде өтетінін және оқу-жаттығумен байланысты екенін атап өтті.

Айта кететін жайт, 14-мамырда Алматыда сейсмикалық жаттығу өтіп, дабыл қағылды. 

Сондай-ақ оқыңыз