NASA 2030-жылдарға қарай Айда адам тұратын база салмақ

NASA Айдағы болашақ база астронавтарды ұзақ уақыт орналастыруға арналған тұрақты тұрғын модульдер жасамақ.
NASA болжамынша, ол 2030-жылдарға қарай толық дайын болуы мүмкін.
АҚШ ғарыш агенттігінің жаңартылған жоспарына сәйкес, 2029 жылдан бастап 2030-жылдардың басына дейін базаға арналған тұрақты инфрақұрылым, оның ішінде энергиямен қамтамасыз ету жүйелері салына бастайды.
Artemis бағдарламасы аясында екі астронавттың Ай бетіне қонуы 2028 жылға жоспарланған. Осы уақытқа дейін қажетті техника мен жабдықтың бір бөлігі қону модульдері арқылы Айға жеткізіледі.
Ал 2027 жылы Artemis III пилоттық миссиясы жүзеге асырылып, Жер орбитасында ғарыш кемесінің қону модульдерімен түйісуі сыналады.
NASA Ай базасына арналған қону модульдерін, луноходтар мен дрондарды әзірлеу үшін америкалық төрт компаниямен жүздеген миллион долларлық келісімшарттар жасағанын хабарлады.
Айта кететін жайт, NASA басшысы Джаред Айзекман 2026 жылдың шілдесінде «Союз МС-29» кемесінің ұшырылуын өз көзімен көру үшін Байқоңыр ғарыш айлағына келуді жоспарлап отыр.