«Кристал Пэлас» Конференция лигасының жеңімпазы атанды

Англияның Кристал Пэлас клубы Конференция лигасының жеңімпазы атанды. Лейпцигте өткен финалдық ойында ағылшындар испаниялық Райо Вальеканомен кездесті.
Бірінші таймнан кейін ойын біршама жандана түсті. Әсіресе, Адам Уортонның соққысынан кейін француз Жан-Филипп Матета аргентиналық қақпашы Аугусто Батальяның қайтарған добын қақпаға дәл бағыттап, есеп ашқаннан кейін кездесу қыза түсті.
Есепті еселейтін бір-екі мүмкіндікті мүлт жіберген ағылшындар ойын қарқынын бәсеңдетіп, лайықты жеңіске жетті. Лондондықтардың бапкері Оливер Гласнер 2025 жылғы Англия Кубогы мен өткен жылғы Суперкубоктан кейін командамен бірге үшінші трофейіне қол жеткізді.
30 мамырда, Будапештте Чемпиондар лигасының «ПСЖ» – «Арсенал» арасындағы финалдық кездесуі өтеді. Тағы бір лондондық клуб осы маусымда Англияға үшінші еурокубокты алып беруге тырысады. Алғашқы кубокты Еуропа лигасында топ жарған Бирмингемнің «Астон Вилла» командасы иеленген еді.