Қазақстанда электркөліктер мен гибридтер бес есе көп сатыла бастады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Электромобиль BYD / Фото: Carscoops.com
Электромобиль BYD / Фото: Carscoops.com

Қазақстанда электрокөліктер мен гибридтер нарығының саудасы қызып тұр. NEV (New Energy Vehicles) сегментіндегі автомобильдер саудасы төрт айда бес есеге жуық өсті.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) деректеріне сәйкес, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша ресми дилерлер NEV сегментіндегі 2 122 жеңіл автокөлік сатты. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен бес есе жоғары көрсеткіш.

1 499 гибрид (PHEV) және жүріс қашықтығы ұлғайтылған электрокөліктерге (EREV), 623 толық электрлі батареялы көлік сатылған.

Бұған модельдік қатардың кеңеюі, жаңа брендтердің ресми түрде нарыққа шығуы түрткі болған. Сондықтан тұтынушылардың таңдауы біртіндеп өзгеріп жатыр.

Төрт айдың қорытындысы бойынша, ең жоғары сұранысқа ие болған бренд –  BYD. Дилерлер аталған брендтің 1 181 автокөлігін сатты. Екінші орында – 384 автокөлік көрсеткішімен Li Auto. Үшінші орынға 367 гибрид және электрокөлік сатылымымен Geely Galaxy жайғасты. Ал алғашқы бестікке Zeekr (89) және ROX (46) те енді.

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстандағы NEV сегментіндегі ең танымал модель гибридті BYD Song Plus DM-i болды. Жалпы 413 сатылған автокөлік. Екінші орында 345 автокөлікпен Geely Galaxy EX5 EM-I, үшінші орында 284 бірлікпен BYD Chazor орналасқан. Сонымен қатар ең танымал модельдердің алғашқы бестігіне Li Auto L6 (231 бірл.) және толық электрлі BYD Yuan Up (213 бірл.) кірді.

Классикалық гибридті күштік қондырғылар (HEV) арасында көшбасшы болып Toyota Camry қалды – төрт ай ішінде дилерлер 274 автокөлік сатты. Одан кейін Lexus RX (19 бірл.) және Toyota RAV4 (17 бірл.) орналасқан.

Fk 2026 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңа автокөлік саудасы айтарлықтай белсенділік танытты. Бір ай ішінде елде 20 857 көлік сатылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға артық.

Сондай-ақ оқыңыз