Путин Тоқаевқа ризашылығын білдірді

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келген мемлекеттік сапарында екі елдің ұстанымдары халықаралық мәселелерде жақын екенін мәлімдеді.
«Халықаралық негізгі мәселелерде көп жағдайда Ресей мен Қазақстанның ұстанымдары өте жақын. БҰҰ және ТМД, ҰҚШҰ, ШОС секілді басқа да форматтарда көзқарастарын үйлестіреді. Әрине, Биыл Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы сәтті төрағалық етуін атап айтқым келеді. Ертең бірлестіктің саммитінде интеграциялық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылданады», – деп атап өтті Ресей президенті.
Путин ерекше қонақжайлылық көрсеткені үшін Тоқаевқа және қазақстандық достарына шын жүректен алғыс айтты. Бұл сапардың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың әрі қарай арта түсетініне сенім білдірді.
Мұның алдында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында салтанатты түрде қарсы алған болатын.