Тоқаев пен Путин Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында көшет отырғызды
Жарияланды

Ресми сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин ерекше рәсімге қатысты. Мемлекет басшылары екі елдің мәңгі достығына арналған аллеяда емен көшетін отырғызды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Халықаралық дипломатияда ағаш егу – мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың ұзақмерзімділігі мен беріктігін білдіретін терең мағыналы дәстүр. Бұл жолы таңдаудың емен ағашына түсуі де тегін емес. Емен өзінің ұзақ жасауымен, мықтылығымен және тамырының тереңге бойлауымен ерекшеленеді.
Еске сала кетейік, кеше 27 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеген еді. Бүгін қос президент бірнеше маңызды құжаттарға қол қойған еді. Ал ертең 29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы өтеді.