1 маусым күні Астанада балаларды қайда апаруға болады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Балаларды қорғау күні
Sputnik / Владислав Воднев

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Астанада түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді. Астана әкімдігінің мәліметінше, мерекелік бағдарлама алты блоктан тұрады. Әрқайсысы белгілі бір жас санатындағы балалардың қызығушылығына сай әзірленген.

Үш жасқа дейінгі бүлдіршіндер үшін:

  • 1 маусым күні Жастар саябағында дәстүрлі «Арба FEST» арбалар шеруі өтеді.
  • Президент саябағында еңбектейтін сәбилерге арналған «Шапшаң бөбек» спорттық жарысын тамашалауға болады.
  • Қала саябақтарында «Бақыт мекені» отбасылық фотоаймақтары мен «Бала әлемі» дамытушы ойын алаңдары ұйымдастырылады.

3-6 жас аралығындағы балалар үшін:

  • 1 маусым күні III Халықаралық клоундар фестивалі өтеді. Сағат 12:00-де фестивальге қатысушылар «Бәйтерек» монументі маңынан бастап Ғашықтар саябағына дейін шеру жасайды. Саябақ «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының қарсы бетінде орналасқан.
  • Ал сағат 17:00-де Амфитеатрда фестиваль әртістерінің қатысуымен концерт өтеді.
  • Осы күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қалалық емханалар балаларды тіс дәрігерлерінің профилактикалық тексеруінен өткізу бойынша ашық есік күнін ұйымдастырады.

7-10 жас аралығындағы балалар үшін:

  • 30 мамыр күні сағат 11:00-де Жерұйық-2 саябағында (Достық үйінің артында) «Бақытты шаңырақ» ерекше балаларға арналған «Бақытты бала» мерекелік іс-шарасын өткізеді.
  • 1 маусым күні сағат 12:00-де Кірпішті тұрғын алабында дәстүрлі «Көңілді старттар» басталса, бір сағаттан кейін осындай іс-шара Өндіріс тұрғын алабында ұйымдастырылады.
  • Сағат 15:00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында балалар сән көрсетілімі өтеді.
  • Сағат 10:00-де №64 мектеп-лицейінде «Әлем балалар көзімен» атты ашық аспан астындағы шығармашылық байқау ұйымдастырылады.
  • Осы күні Техникалық және көркем шығармашылық орталығында балалар жұмысының көрмесі мен «Баршаға қуаныш сыйлаймыз» шеберлік сабақтары өтеді. Сонымен қатар сағат 10:00-де Қалалық алаңда концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

11-14 жас аралығындағы балалар үшін:

  • 25 мамыр мен 1 маусым аралығында сағат 11:00-де Орталық саябақта, Президент саябағында және «Жетісу» саябағында «Бақытты балалық үшін» іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында балаларға суда, көшеде және интернетте өзін ұстау ережелері, жарақат пен қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндіріледі.
  • 29 мамыр күні сағат 16:00-де Есіл жағалауындағы Амфитеатрда «Жасыл ел» жазғы еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтеді.
  • 25-31 мамыр аралығында қалалық полиция департаменті балаларға кинологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырады.
  • Сағат 10:00-де М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы алаңында «Bala energy» open-air фестивалі өтеді. Осы уақытта «ARQA ALAN» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығында «Ethno Games АрқаLan» фестивалі ұйымдастырылады.

Жасөспірімдер үшін:

  • 1 маусым күні елордада «Astana FIDA Drone Soccer Championship» халықаралық дрон-футбол чемпионаты өтеді.
  • Сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Амфитеатр сахнасында «QosymshaFest» фестивалі ұйымдастырылады.
  • Осы уақытта әкімдік алдындағы қалалық алаңда опера және балет театрымен бірлескен «Түрлі-түсті мозайка» байқауы өтеді.

Отбасылық іс-шаралар:

  • 30 мамырда сағат 10:00-де Президент саябағында «Экомамафест 2026» отбасылық іс-шарасы ұйымдастырылады.
  • 30-31 мамыр күндері «Жетісу» саябағында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған «БөпеFair» балалар фестивалі өтеді.
  • 31 мамыр мен 3 маусым аралығында елорданың алты ауданының балалары арасында «Көңілді старттар» жарыстары ұйымдастырылады.
  • 1 маусымда сағат 09:00-де Орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған отбасылық спорттық Kids RUN жарысы басталады.

Осы күні Президент саябағында жас отбасылар «Отбасы – бақыт мекені» сурет салу курсына қатыса алады. Іс-шара сағат 11:00-де басталады. Бір сағаттан кейін Ailand отбасылық демалыс орталығында мерекелік концерт өтеді.

Сонымен қатар мереке қарсаңында абаттандырудан кейін жаңартылған балалар аула алаңдарының салтанатты ашылуы жоспарланған.

  • Сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Қоғамдық қор «Ерекше мерекелер» қатысуымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың концерті өтеді. Одан кейін осы жерде «Bolashak» инклюзивті театрының сән көрсетілімі ұйымдастырылады.
  • Сағат 11:00-де елордада «Береке Астана» оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтеді.
  • Осы уақытта Орталық саябақта, Ұлттық теннис орталығы маңында «Bala Fest» балалар спорттық ойындары фестивалі басталады.
  • 2 маусым күні сағат 19:00-де Жастар сарайы ғимаратында Балаларды қорғау күніне және «Отбасылық аула клубы/Замандас жастар коворкингі» жобасының 15 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтеді.

Тағы да оқыңыз: Жазғы демалыста балалар қандай лагерьлерге бара алады

Сондай-ақ оқыңыз