«Не болды сізге?»: Сұлтан Сәрсемәлиев сотта көз жасына ерік берді

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 29 мамырда сотталушы Сәрсемәлиевтің әкесінен куә ретінде жауап алынып жатыр.
Сол сәтте Сұлтан Сәрсемәлиев басын көтермей, көз жасына ерік берді.
Істі қарап жатқан судья Зарема Хамидуллина Сәрсемәлиевтен «Не болды сізге? Неге жылап отырсыз?» деп сұрады. Содан кейін «басыңызды көтеріңіз» деп бірнеше рет ескерту жасады.
Сәрсемәлиевтің әкесінің айтуынша, екі ұл, екі қыз өсірген. Келіні болған Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасымен арасында араздығы болмаған. Сөзінше, құдалары бес баланы алып қоямыз деген әңгіме айтпаған.
Сұлтан ата-анасына балаларына қатысты, әйеліне қатысты мәселе туралы айтпаған.
Сәрсемәлиев қылмыстық кодекстің 13 бабында көрсетілген қылмысты жасады деп айыпталып отыр. Сот барысында ол 12 бап бойынша тағылған айыпты мойындады. Тек қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыпқа келіспеді.