Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 30 мамырға ауа райы болжамы

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
ауа райы
30 мамырға ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

30 мамырда республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Елдің батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің тек орталығында жауын-шашын жаумайды. Синоптиктер болжамына сәйкес, республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

Абай облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Өрт шығу қаупі жоғары өңірлер арасында

Қостанай, Қарағанды, Абай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Жаһандық болжамға сәйкес, 2026-2030 жылдары ауа температурасы 1850-1900 жылдардағы орташа көрсеткіштен 1,3-1,9 °C жоғары болады.

2026-2030 жылдар аралығындағы кемінде бір жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз