Астана маңындағы жол 15 маусымға дейін жабық болады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
«ҚазАвтоЖол» өзгерістер туралы хабарлады / gov.kz

«Астана қаласының айналма жолы» автомобиль жолының 8-22 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты көлік қозғалысына 2026 жылдың 15 маусымына дейін уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

«Жөндеу жұмыстары кезеңінде Қарағанды бағытына қатынайтын көлік құралдарының қозғалысы уақытша ұйымдастырылған айналма маршрут арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, жүргізушілер Қостанай, Көкшетау, Қосшы және Қарағанды бағыттары арқылы жүре алады», – делінген ақпаратта.

Жұмыс жүргізілетін учаскеде уақытша жол белгілері мен ақпараттық көрсеткіштер орнатылды.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұрайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы маусым айының аяғына дейін Қазақстанда WeChat Pay төлем жүйесі арқылы ақылы жолдарда жол ақысын төлеу іске қосылады

Сондай-ақ оқыңыз