Тоқаев балаларды қорғау күнімен құттықтады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда.

Ол балалардық құқығын қорғау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау конституциялық міндет екенін атап өтті.

«Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы – бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды. Өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде. Менің бастамаммен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр. Биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске асырыла бастады. Жас буынды қолдау әрдайым еліміздің, яғни Әділетті және Озық Қазақстанның басты назарында болады, – деп жазды президент Instagram парақшасында.

Еске салайық, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.

Мерекеде Астанада мынадай, ал Алматыда мынадай іс-шаралар өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз