Қайсар Қамзаны қашан Қазақстанға жеткізеді
Жарияланды

Блогер Қайсар Қамзаны елге қайтару үшін қазақстандық тарап Вьетнамға ресми сауал жіберді. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады деп жазады Қазақпарат.
«Қазір Вьетнам бұл мәселеге қатысты шешім қабылдаған жоқ, аталған тұлғаны іздестіру тоқтаған жоқ», – деп жазылған ведомство жауабында.
Құзырлы органдар өкілдерінің түсіндіруінше, Қазақстан мен Вьетнам арасында 2017 жылғы 15 маусымда жасалған келісім бар. Бірақ ол жерде күдіктіні ұстап беру туралы сұрау салуды қараудың нақты мерзімдері қарастырылмаған. Сондықтан өтініш Вьетнамның ұлттық заңнамасына сәйкес қаралады.
Блогер Қайсар Қамза ұсталды деген ақпарат биыл көктемде тараған. Бұған қатысты оның өзі де пікір білдірген.