Жетісу облысы аумағында жер сілкінді
Жарияланды

1 маусымда Жетісу облысы аумағында жер сілкінді. Бұл туралы Қазақ ұлттық деректер орталығы хабарлайды.
Елдегі сейсмикалық станциялар Жетісу өңіріндегі жерасты дүмпуін дүйсенбі күні Астана уақытымен сағат 10:56-да тіркеген. Дүмпу ошағы Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан.
Мамандар жер сілкінісінің магнитудасын 3,8 балл екенін анықтады.
Естеріңізге сала кетейік, 26 маусымда Павлодар облысы аумағында жер сілкінген. Оның магнитудасы 5 балл болған.