Жамбыл облысында оқу-жаттығу кезінде оқыс жағдай орын алды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
дрон құлады
фото: shutterstock, бильд-редактор: Серікжан Қобыланбаев

Жамбыл облысы Талас ауданының аумағында дрон оқу-жаттығу кезінде штаттан тыс жағдайда қонуға мәжбүр болған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы Талас ауданының аумағына штаттан тыс қонды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп болған жоқ», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Қазір мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жұмысын бастады.

Бұған дейін елдің батыс өңіріне бірнеше рет дрон құлағанын жазған едік. Бірақ Қорғаныс министрлігі ол аппараттардың кімге тиесілі екенін айта алмай отыр.

Сондай-ақ оқыңыз