Эльдар Гумаров «QazIndustry» АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы болып Гумаров Эльдар Мұхтарұлы тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 281 бұйрығымен Гумаров Эльдар Мұхтарұлы «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы «QazIndustry» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына сайланды», – делінген хабарламада.
Эльдар Гумаров 1988 жылы 14 қарашада дүниеге келген. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (КИМЭП) «Іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары «KPMG Tax and Advisory» құрылымында, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобында жұмыс істеді, сондай-ақ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ және «Транстелеком» АҚ-да басқарушы лауазымдарын атқарды.
Бұған дейін дейін «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор қызметінде болған.
Айта кетейік, бұған дейін Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының Қазақстандағы активтерін Кудрәт Шамиев басқаратын жазған едік.